Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Елордада қалалық мәслихатының кезекті отырысы өтті

AstanaTV
25.06.2021ж. 20:00
1861
Елордада қалалық мәслихатының кезекті отырысы өтті

Елордада алдағы 5 жылда «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы негізінде 18 көпқабатты тұрғын үй салынып, 10 мың пәтер беру жоспарда бар. Қазір бұл бойынша тиісті жұмыстар қолға алынған. Нұр-Сұлтан қалалық мәслихат депутаттары бас қалада атқарылып жатқан жұмыстарды саралап, қаржыландыруға қатысты мәселелерді ортаға салды. Әр екі ай сайын осындай жиын өтеді, халық қалаулылары істеліп жатқан жұмыстарды үнемі бақылауда ұстайды.

Ерлан КАНАЛИМОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Біз мынау сайлауалды бағдарламада айтқан уәделерімізді, халықтың аманатын бәрін толыққанды орындау үшін осы жол картасын жасап, мынау жетінші шақырылым депутаттарын өкілеті біткенге шейін, осы 4-5 жылдың ішінде сайлауалды бағдарламаны толыққанды орындау біздің мақсат болып табылады.

Владислав СЕРГЕЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ,«NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бәрі жоспарға сәйкес орындалуы керек. Өткен аптада біз Көктал тұрғын үй алабына бардық. Онда абаттандыру және газдандыру жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Егер біз халыққа қолайлы жағдай жасайтын болсақ, онда бұл білім берудің қол жетімділігі, спорт нысандарының қолайлылығы, көріктендіру, жолдар мен көгалдандыру мәселесі де өздігінен шешіледі деген сөз. Әрине, ол көп уақытты, біраз қаржылық шығынды қажет етеді. Бірақ депутаттық корпустың міндеті - тұрғындар үшін барынша қолайлы жағдай жасау.


Б. Сатуов