Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

"Nur Otan"-да тарихи-мәдени ескерткіштерді ғылыми-реставрациялау жұмыстарындағы олқылықтар айтылды

AstanaTV
25.06.2021ж. 20:00
1231
"Nur Otan"-да тарихи-мәдени ескерткіштерді ғылыми-реставрациялау жұмыстарындағы олқылықтар айтылды

Елімізде 2025 жылға дейін 259 мәдени нысанның құрылысын жүзеге асыру жоспарланған. Биыл соның 89-ы салынып, 211-і жөндеуден өтуі керек. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы жанындағы «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында айтылды. Жоба «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша әзірленген "Жол картасына" енгізілген. Мақсат- ғылыми-реставрациялау жұмыстарды жүргізу арқылы тарихи-мәдени мұраларды сақтау, сонымен қатар жаңа мәдениет нысандарын салу. Алайда мәдени мұраларды қалыпқа келтіру мен нысандар құрылысын жүргізу жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіреді. Бұл республикадағы экономикалық ахуалға байланысты жоспардың толық орындалмауына себеп болуы мүмкін дейді,- мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова .

Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

Жергілікті атқарушы органдардан 2021 жылғы «Жұмыспен қамту», «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламалары аясында қаржыландыруға бюджеттік өтінімдер ұсынылған болатын. Алайда, қазіргі экономикалық ахуалға байланысты республикалық бюджеттен қолдау таппай отыр. Жұмыстарды жандандыру мақсатында жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдарға, атап айтсақ, Қаржы және Ұлттық экономика министрліктеріне тапсырма берулеріңізді сұрап отырмыз.

Сондай-ақ, отырыста мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы реставрация жүргізетін мекемелер мен ғалымдардың арасында туындап отырған қарама-қайшылық туралы айтты. Оның сөзінше, көптеген ескерткіштерді қайта қалпына келтіру жұмыстарына ғалымдардың көңілі толмайды. Себебі, реставрациядан гөрі құрылыс жұмыстарына көбірек ұқсайды, евро жөндеу сияқты жасалған дейді. Сондықтан мәжлісмен бұл салада кәсіби мамандардың тапшылығына тоқталды.

Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ,"NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Маңғыстауда да өткенде барғанда, реставрация емес, ол жерде евро ремонт сияқты жасап қойған. Сондықтан сапасына байланысты. Қаражат бөлінеді жақсы, құдайға шүкір мекемеде бар.Бірақ мекемеде мамандардың тапшылығы. Енді мынау реставратор мамандардың тапшылығы өңірлерде қатты байқалады.

Б. Сатуов