Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Алматыда эпидемиологиялық жағдай өте күрделі - Жандарбек Бекшин

AstanaTV
28.06.2021ж. 20:00
1179
Алматыда эпидемиологиялық жағдай өте күрделі - Жандарбек Бекшин

Төртінші толқын қаупі бар. Бүгін Алматы қаласының бас санитары Жандарбек Бекшин бүгін осылай деді. Алматыда    эпидемиологиялық ахуал өте күрделі. Маусым айы басталғалы 4 мыңға жуық адам вирус жұқтырған. Ал өткен аптада коронавирус аурушаңдығының көрсеткіші 2 есе артқан, ал соңғы тәулікте 200-ден астам жағдай тіркелді. Қаладағы эпидемиологиялық ахуал мутацияланған «дельта» штамының таралуына байланысты онан сайын күрделене түсуде.  46 адамнан қауіпті вирус анықталды.

Жандарбек БЕКШИН, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯ ДӘРІГЕРІ:

Төртінші толқын қаупі төніп тұр, оған дельта штамы себеп, оны үнді штамы деп те атайды. Біз «жасыл» аймаққа өткенде ауру көрсеткіші тәулігіне 100 жағдайға дейін төмендеді, бірақ жаңа штамдарға байланысты күрт өсті. Үнді штамының басқа мутацияланған штамдармен салыстырғанда патогенділігі жоғары. Осыған байланысты қатаң шектеу шараларын енгізуге мәжбүр болдық.


Қаланың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес қоғамдық тамақтану орындары қызыл аймақ талаптарына бағынуы тиіс.  Ashyq қатысушылары ғана түнгі сағат 2-ге дейін жұмыс істейді. Кинотеатрлар мен театрларға тыйым салынды.  Тек Ashyq жүйесімен толымдығы 30 пайыздан артық болмауы керек.  Сондай-ақ  қалада жаппай бетперде тағу режимі енгізілді.

А. Базарбай