$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Вирус жұқтырғандар оқшаулану режимін сақтамайды

AstanaTV
28.06.2021ж. 20:00
1373
Вирус жұқтырғандар оқшаулану режимін сақтамайды

«Ashyq» жүйесінде «қызыл» статус шыққанына қарамастан дәмханаға барған астаналық 87,5 мың теңге айыппұл арқалады. Бұл туралы бүгін бас санитарлық дәрігер Сархат Бейсенова айтты. Оның сөзінше, елордада вирус жұқтыратындардың басым бөлігі қоғамдық көлікпен қатынайтындар. 5-сәуірден бері Ashyq жобасына қатысатын бизнес нысандарында 4039 келушінің карантин талабын бұзғаны анықталған. Оның 1888-і- коронавируспен ауырып жүргендер болды-дейді Сархат Бейсенова.

Сархат БЕЙСЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС САНИТАР ДӘРІГЕРІ:

1-маусымнан бастап жалпы қызыл статуспен 247 адам анықталды. Қоғамдық тамақтану обьектілеріне барғандар саны оның ішінде 76. Иә, карантин режимін бұзған 1 қызыл статуспен азаматқа ҚР-ның әкімшілік-құқық бұзушылық кодексінің 425-бабымен сәйкес айыппұл салынды. Қазіргі таңда тағы да 5 адамның әкімшілік құқық бұзушылық туралы хабарлама берілді.

Л. Қуанышқызы