Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Баласын сатпақшы болғандар ұсталды

AstanaTV
28.06.2021ж. 20:00
1702
Баласын сатпақшы болғандар ұсталды

Алматылық жұп өз  баласын сатпақшы болды. Ерлі-зайыптылар Өзбекстаннан келген. Олар сәбиді Жамбыл облысында тұратын әйелге саудалаған. Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі зерттеу жүріп жатыр.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Осы жұп 2019 жылы дәл осындай тәсілмен бірінші балаларынан құтылғаны белгілі болды ". Ол кезде де балаларын бөтен біреуге сатып жіберген.Қазір бала тәрбиеленіп жатқан отбасы анықталды.ҚР-ның қылмыстық кодексінің 135-бабы бойынша  сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, ел аумағында адам саудасын ауыздықтау, азаматтарды құлдықта ұстауды болдырмау мақсатында ұйымдастырылған жедел-профилактикалық «STOP трафик» шарасы кезінде  осындай 56 қылмыс анықталды. 2 тұрғынды бостандығынан заңсыз айырып жұмысқа салу және 2 адам саудалау қылмысы тіркелген. Оның екеуі де кәмелетке толмаған жеткіншектер. "Қылмыстың алдын алу шаралары әлі жалғасуда", дейді мамандар.

Л. Қуанышқызы