Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Жасотандықтар эко- акция ұйымдастырды

Жасотандықтар эко- акция ұйымдастырды

Жас отандықтар тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған "30 игі іс" акциясына белсене қатысып жатыр. Жаздың жайма шуақ күндерін құр жібермеуге тырысқан белсенділер Нұр-Сұлтанда тазалық жұмыстарына кіріскен. Елордада бастау алған акция елдің басқа аймақтарында да өтті. Толығырақ әріптесім Бекболат Сатуовтың материалында.

Шараға қатысқан белсенділер Нұр-Сұлтанның шет аймақтарын қоқыстан тазартты.  Эко акцияға жасотандықтар мен еріктілер тартылған. Бұл жастардың бойында табиғатқа деген жанашырлықты қалыптастырады дейді, -жауаптылар.

Асылжан БҮРКІТАЛИН, «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Қаламызда осындай эко акция өткізіп жатыр. Ол акцияның негізгі мақсаты қала тұрғындарын, жастарды қаламыздың ертеңіне бей-жай қаратпау. Бұл жердегі ең бірінші мақсатымыз бұл жерді тазалап кету емес, жастарға экологиялық мәдениетті сіңіру.

Алматылық жасотандықтар да қалаға тазалық жұмыстарын жүргізді. Мегаполис көшелерін қоқыстан тазартып, ағаштар мен гүлдерді суарып, жасыл желектерге күтім жасады. Еріктілер аудандарды аралап, қоқыс орындарын тазалау, біздің азаматтық міндетіміз дейді.

Нұрсұлтан БЕКҚАЙЫРОВ, АЛМАТЫ қ. «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
 
Отыз игі іс жобасы аясында біз Алматы қаласында төрт нүктеде осындай акция ұйымдастырып жатырмыз. Біздің жас достарымыз қаламыздың экологиялық жағдайына сонымен қатар партия бастамасымен жасалынып жатқан істерге бей-жәй қарамай бізбен бірге болғанына өте қатты қуаныштымын.

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ:

Ал Орал қаласындағы жасотандықтар   балалар үйінің тәрибеленушілерін қуантты. Балғындарды ойын орталығына апарып, демалысты көңілді әрі мазмұнды өткізуге атсалысты.  

Ерлік ШАМҒАЛИЕВ, «JAS OTAN» ЖҚ БҚОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жалпы қазақта жетімін жылатпаған, жесірін далада қалдырмаған. Сондықтан да біздер отбасы үйіндегі балаларға келіп, осы игі ісімізді жасап жатырмыз. Тек қана ойнатып қоймай, балалармен сөйлесіп, ағалық мейірімімізді сездіріп, апалық мейірімімізді сездіріп, балаларға осындай кішкене мейірім сыйлау мақсатында балалар үйінің тәрбиеленушілерін таңдап осы жерге әкеліп отырмыз.


Эко шараға ел бойынша екі жарым мыңнан астам жас қатысты. "Мұнымен жұмыс аяқталмайды, алдағы уақытта да игілікті істер жүзеге асатын болады,"- дейді жасотандықтар.

Б. Сатуов