Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Елордада көкпар басталды

AstanaTV
28.06.2021ж. 20:00
1880
Елордада көкпар басталды

Елордада ұлттық спорт түрлері қайта жанданды. Тұңғыш рет Көкпар федерациясының кубогы ойнатылуда. Жарыстың жүлде қоры 12 миллион теңге. Дүбірлі дода қала іргесіндегі Қазанат атшабарында басталды. Байрақты бәсекеге барлық өңірден 13 команда қатысып, бақ сынайды. Тақымы мықты шабандоздар алдымен топтық ойында іріктеледі. Ал финалдық ойын 5 шілдеге жоспарланған.  

Рахат ЖАҚСЫБАЙ, ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:


Осы жарыстың соңында біздің жұлдыздарымыздың, өнер өкілдерінің «Өнер көкпары» дейтін сайысы болады. Елге белгілі есімі таныс азаматтар осы көкпардың алаңында шаңын шығарып, додаға түседі. Бұл мына шілде айында 2-4-і арасында өтеді. Сондай-ақ 5 шілде күні бәйгенің жеті түрінен осы жерде республикалық турнир өтеді. Қазақстанның ең үздік дүлділдері мен жүйріктері бас қосып, кіл жүйрікте кім жүйрікті анықтайтын болады.

Ғ.Өтемісов