Бара бергенше, пара бер.Қостанайда жұмысқа орналасу үшін басқарманың лауазымды тұлғаларына мың доллар ұсынған медбике ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады. Ол қаладағы модульдік жұқпалы аурулар ауруханасына жұмысқа орналасу үшін ақша ұсынған. Және денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғаларына пара беруге көндірген. Сонымен қатар жедел жәрдем көрсету бекетінің фельдшері де күдікке ілікті. Ол айлығына үстеме ақша алу үшін пара беріп, басшылыққа қол қойдырып келген.
Рүстем БОЛАТОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
Ол Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының осы облыстық жедел шұғыл медициналық станциясы басшылығы үшін жалақысына үстеме алу үшін ковидтік карточкаларға қол қойғаны үшін 2 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейін пара беруге көндірген болатын.Тергеу жалғасуда.Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот қабылдайтын болады.
З. Санай