Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Әлемде тағы локдаун болуы мүмкін

AstanaTV
29.06.2021ж. 20:00
2151
Әлемде тағы локдаун болуы мүмкін

Әлемде тағы локдаун болуы мүмкін.  Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі хабарлады. Бұған коронавирустың "дельта-плюс" штаммы себеп. Өйткені, індеттің жаңа түрі жылдам тарайды, әрі сырқаттану кезеңі ауыр өтеді. Оның үстіне кесел өзінің шарықтау шегіне әлі жете қойған жоқ. Мамандардың айтуынша, сақтық шаралары мен вакцина ғана одан құтқаруы ықтимал.

Тедрос ГЕБРЕЙЕСУС, ДДСҰ-НЫҢ БАСШЫСЫ:

Біз пандемияның кесірінен болған зардаптардан сабақ алуымыз керек. Денсаулық сақтауды жаппай қамту және алғашқы медициналық-санитарлық көмек арқылы жаңа эпидемиялар мен пандемияларға дайындық жасау, алдын алу, анықтау үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет.

А. Данияр