Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Мектептердегі бейнебақылау камераларының 55 пайызы ғана жарамды

AstanaTV
29.06.2021ж. 20:00
1416
Мектептердегі бейнебақылау камераларының 55 пайызы ғана жарамды

Мектептердегі бейнебақылау камераларының 55 пайызы ғана жарамды. Бұл туралы   Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Оның сөзінше, бұл олқылықтың орнын  толтыру үшін  жергілікті бюджеттерден 1млрд 400 мың теңге қарастырылған. Бірақ оған әлі де мән бермей отырған өңірлер бар,- дейді министр.  

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарында бейнебақылау жүйелері мәселесі шешімін тапса, Түркістан, Атырау, Жамбыл облыстарында қаражат жеткіліксіз деңгейде қарастырылған. Жергілікті әкімдіктерге тиісті қаражат бөлулерін сұраймыз.

Білім беру ұйымдарына дабыл түймелерін орнату жұмыстары да баяу жүріп жатыр.Әзірге Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында ғана мәселе шешілген. Басқа өңірлер қаржы жеткіліксіздігін сылтау етіп отыр дейді министр. Сондай-ақ, оның айтуынша, қалаларда орналасқан білім беру ұйымдарын лицензияланған күзетпен қамту үшін қосымша қаржы керек.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

Мамандандырылған күзет қызметі бүгінгі күні қала мектептерінің 38%-ында енгізілген. Жергілікті атқарушы органдар қосымша 828 млн теңге мөлшерінде сома бөлді. Бірақ әлі де қосымша қаржы бөлу керек. Қаражат 8 өңірде жеткіліксіз: Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласында.


Б. Сатуов