Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

БҚО-ның шалғай ауылдарындағы жол құрылысы уақытынан кешігіп жатыр

AstanaTV
29.06.2021ж. 20:00
1396
БҚО-ның шалғай ауылдарындағы жол құрылысы уақытынан кешігіп жатыр

Батыс Қазақстан облысының шалғай үш ауданындағы жол құрылысын кешіктірген мердігерлер енді лицензиясынан айрылуы мүмкін. Өйткені құрылыс  өте баяу жүруде. Облыстық мәслихат депутаттарының дерегінше, жұмыс кестеден қалып қойған. Енді халық қалаулылары жол салуға бөлінген 18 миллиард теңге биыл да игерілмей қала ма деп алаңдаулы. Тілшіміз тарқатады.

Жол азабын жүрген біледі деген рас екен дейді  жас кәсіпкер Азат Рашидов. Шаруаның жайымен сапарға жиі шығатын азамат үшін 500 шақырым жердегі ауылдан орталыққа  қатынау оңай емес. Қыста жолды қар басса, көктем мен күзде жол ми батпаққа айналады, ал жазда көк шаңнан көз ашу мүмкін емес, деп күйінеді.

Азат РАШИДОВ, ШАРУА:

Кеше щебеньді жолға шашқан. Бірақ щебень солайымен тұр. Бір-екі машина аударылып қалуға қалды. Қазір де оңай емес. Өйткені былай-былай өтіп жатқан машиналар бар. анау шаңның ортасында сен келіп встречкамен лоб на лоб түйісіп жатса да неше түрлі жағдай болып жатыр. Қарапайым халық таблетка УАЗ-бен жүреді. Джиппен барғанымның өзінде де жеңілдік береді деп айта алмаймын. Өйткені жарты күн уақытымыз сол жолда тұрып қалған машиналарды шығарумен өтеді шыны керек.

Шалғайдағы үш ауданды облыс орталығымен жалғайтын республикалық жол  құрылысының басталғанына екі жыл болды.   Бірақ 238 шақырым жолдың жыры әлі бітер емес.

Ғали ЕСҚАЛИЕВ, БҚО ӘКІМІ:

Жол салуға былай айтқанда 120 күн қалды. 120 күнде 120 шақырым салу, әрине, оңай емес. Былтыр да, биыл да бөлінген қаражат егер дұрыс және уақытында игерілмесе, әр мердігер бойынша министрлік деңгейінде сұрақ көтереміз. Мүлдем лицензиядан айыру немесе үлкен айыппұлдар салу жайлы ұсыныстарымызды беріп жатырмыз.


Депутаттар құрылыстың кестеден кешіккенін айтып алаңдайды. Жол сапасын бақылау жұмыстарына да көңілі толмайды. Мердігер компанияның төртеуі тіпті салық органдарына тіркелмеген дейді халық қалаулылары.

Тұрарбек ТІЛЕМІСОВ, БҚО МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:


2016 жылы мен қалалық мәслихат депутаты болғанымда біздің қаламыздың бюджеті 25 миллиард болды. 320 мың адам тұратын қаламызға 25 миллиард бір жылға, соның өзінде біз оны игере алмай, қалғаны қалып, экономия болып бюджетте қалатын еді. Ал бұлар енді 28 миллиардты төрт айда игереді деп мен оны ойламаймын енді.
 
63 мың тұрғыны бар үш ауданды облыс орталығымен жалғайтын жол салу үшін 57 млрд теңге бөлініпті. Бірақ мердігерлер асығар емес. Амал жоқ, биыл аяқталуы тиіс құрылыс тағы екі жылға ұзартылды.  

Е. Карин