Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жаңа туындының тұсауы кесілді

AstanaTV
29.06.2021ж. 20:00
1094
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жаңа туындының тұсауы кесілді

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Қазақстан" атты жаңа әннің  тұсауы кесілді. Мұнда тоқырау жылдарынан аман өтіп, бүгінде тыныштық пен татулықты ту еткен халықтың бейбіт өмірі суреттеледі. Ән авторлары бұл туынды арқылы егемен еліміздің осы кезге дейін қол жеткізген   жетістіктерін паш етіп,  ұлт көшбасшысына, ел үшін жасалған есепсіз еңбектері үшін алғыс айтуға,  болашаққа сеніммен қарауға шақырады.   Жаңа әнге Астана телеарнасы арнайы бейнебаян түсірді. Бұл   -төл тәуелсіздігімізге тарту. Бейнебаян Тәуелсіз елдің туын тұлғасынан биік, елтаңбасын ерлігінен жоғары қоятын ұлттың, ертеңіне сеніммен қадам басатын мемлекеттің  даму жолын көрсетеді.  Әнді танымал әншілер мен жас өнерпаздар бірігіп орындайды.   Сондай-ақ, жобада Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі насихатталған.   Бейнебаян елдің рухын көтеріп, бірлікке шақыруды көздейді.

Б. Сатуов