Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Жетінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясы ресми түрде жабылды

AstanaTV
30.06.2021ж. 20:00
1488
Жетінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясы ресми түрде жабылды

Бүгін жетінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясы ресми түрде жабылды. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтылды. Енді қос палата қыркүйекке дейін демалады. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ел егемендігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан бүкіл әлем мойындаған беделі жоғары, іргесі берік қуатты мемлекетке айналғанын атап өтті. Мемлекет дамуына заң тұрғысынна ықпал етуге көп күш жұмсалды,-деді ол.  Алдағы уақытта да депутаттық корпустың рөлі мен жауапкершілігі арта түсетініне сенім білдірді.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осы сессияда қабылданған нақты шешімдер арқасында біз Елбасы және Президенттің алға қойған міндеттерін сапалы заңдармен қамтамасыз еттік. Ол заңдар азаматтардың өмір сапасын арттырып, олардың өзекті проблемаларын шешуге ықпал етті. Сонымен бірге, тиімді заң арқасында елімізді саяси-экономикалық реформаларды жалғастыруға заң жағынан нақты қадамдар жасалды.


Ғ.Өтемісов