Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

"Алтын Орда" базары маңындағы жолайырық құрылысы аяқталуға жақын - Мердігер

AstanaTV
30.06.2021ж. 20:00
1468
"Алтын Орда" базары маңындағы жолайырық құрылысы аяқталуға жақын - Мердігер

"Алтын Орда" базарының жанындағы проблемалық жолайырықтың құрылысы биыл қазанда аяқталады. Нысанның салынуына жауапты компания "Nur Otan" партиясының мүшелеріне осындай уәде берді.  Құрылысты  жаңа мердігер жүргізіп жатыр.  Жүз елуге жуық адам жұмылдырылған. Тіпті бұған дейінгі олқылықтарды да жөндейміз дейді олар.

Болатбек АЙТБАЕВ, "ҚАЗАВТОЖОЛ "ҰК" АҚ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ М. А.:

Енді ғана жұмысқа кіріскендіктен, барлық жұмыстар жедел қарқынмен жүргізілуде. Қазан айында аяқтауды жоспарлап отырмыз.  

Ал жұмысты уақытылы орындамаған компания жауапкершілікке тартылды. Келісімшарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін олар айыппұл төлейді. Партия мүшелері енді мұндай жағдайға жол берілмейтінін айтады.

Ерболат ҚАСЫМОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN"   ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазір жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Нысанда 100-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр. Соған қарамастан кемшіліктер бар. Бірақ мердігерлер уақытылы аяқтаймыз деп айтып жатыр.


Ғ.Өтемісов