$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"SEMEY BUS" автопаркі миллиардтаған қарызға байланысты дефолтқа ұшырады

AstanaTV
30.06.2021ж. 20:00
1898
"SEMEY BUS" автопаркі миллиардтаған қарызға байланысты дефолтқа ұшырады

Атақты SEMEY BUS тасымалдаушысы дефолтқа ұшырады.  Компания енді қалалық маршруттарда жұмыс істей алмайды.  Сатып алынған автобустар басқа көлік парктеріне сатылуы мүмкін.  Ал жүргізушілер мен кондукторлар жұмыссыз қалмайды.   

Осыдан екі жыл бұрын «SEMEY BUS» ЖШС лизингке 170 автобус сатып алған. Конкурстық негізде Семей қаласының әкімдігі кәсіпорынды 23 маршрутпен қамтамасыз етті. Алайда автопарк берешекті қайтармаған. Есесіне қарыз мөлшері милардтан асып, компания жұмысы тоқтатылды.

Димитрий ГАРИКОВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қалада жолаушыларды тасымалдау кезінде кризистік жағдайды болдырмау үшін әкімдік жолаушыларды тасымалдау ережелері аясында шешім қабылдады, тендер жарияланғанға дейін басқа тасымалдаушымен келісім жасасу керек - бұл Семавтопарк.  Берілген маршруттарға сертификат SEMEY BUS компаниясында қызмет көрсететін 23 маршрут бойынша жүзеге асады.

SEMEY BUS қызметіне қала тұрғындары да бірнеше рет шағымданыпты.

БЛИЦ:

- Олар өте нашар жұмыс істеді, мен зейнеткермін, бірақ жұмыс істейтіндер үшін кету қиын болды және бұл тасымалдаушымен бір нәрсе жасау керек.

- Автобустар жүрмеген кезде өте қиын болды.


Қазір қалалық әкімдік жеке компаниялармен келісім жасап жатыр, жақын күндері қала ішінде түрлі бағыттар бойынша қосымша автобустар жүре бастайды.  Бұрын сатып алынған 170 автобус та кейінірек қатарға қосылады.

Димитрий ГАРИКОВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сот шешімдері қалай шығарылады, бұдан кйеінгі  жағдай сосын шешіледі.  Екінші реттік лизинг жарияланып, жолаушылар тасымалымен айналысатын компания анықталады. Барлығы заңға сәйкес болады.

Ал "SEMEY BUS" компаниясының қызметкерлерінің бір бөлігі  басқа көлік парктеріне жұмсықа орналастырылды.   Қазір еңбекақы мен әлеуметтік аударымдар бойынша қарыздарды төлеу жайы шешілуде.  Естеріңізге сала кетейік, компания өз қызметкерлеріне 500 миллион теңге берешек.

Б. Сатуов