Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Вакцина алмаған қызметкерлердің жұмысын шектеуге байланысты жаңа қаулы шықты

Вакцина алмаған қызметкерлердің жұмысын шектеуге байланысты жаңа қаулы шықты

Вакцина алмаған қызметкерлердің жұмысын шектеу туралы жаңа қаулы шықты. Онда вакцина алуға міндеттелген компаниялар мен кәсіпорындар тізімі көрсетілген. Егер қызметкер екпеден бас тартқан жағдайда, әр 7 күн сайын ПТР тест тапсырады.  Бұған қатысты тұрғындар пікірі қандай? Жұрттың екпе салдыруға белсенділігі қалай? Бекболат Сатуовтың бейнематериалы.

Елорда тұрғыны Нұрлан Рамазан бүгін екпенің екінші компонентін алуға келіпті. Отандық Казвакты таңдаған кейуана вакцинаның ешқандай кері әсерін байқамадым дейді.

Нұрлан РАМАЗАН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
 
Вакцинаның екінші немесін алып жатырмын. Біріншісін өткенде алғам. Ештеңе өзгеріс, ештеңе болған жоқ. Бәрі жақсы. Адамның денсаулығы үшін отбасымызбенен алып жатырмыз.

Бірақ жұрттың бәрі бұлай ойламайды. Екпе салдыруға  жүрексініп жүргендер әлі көп.   Әлеуметтік желіде   қазір түрлі қауесет тараған.  "Соны көріп, бойға  қорқыныш ұялайды" дейді олар.   

БЛИЦ:

- Иә, қорқам.

- Ол жағын ойламаппын вакцина туралы.

- Иә, қорқам.

- Салдыру керек, соған қол тимей жатыр. Салдыру керек.


Мамандар вакцинадан қорқудың қажеті жоқ дейді. Қазақстанда екпемен тікелей байланысты бірде-бір өлім жағдайы тіркелмеген. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев осылай деп мәлімдеді.Сондықтан әр түрлі алып-қашпа ақпаратқа сенбей, саналы түрде вакцина салғызған дұрыс деп санайды. Дәрігерлердің айтуынша ағзада вирусқа төтеп берер антидене екі компонентті де алған  соң ғана қалыптасады.

Мыңжылқы БЕРДІҚОЖАЕВ, ДӘРІГЕР:

Бірінші компоненттен кейін имунитет қалыптасып үлгермейді сондықтан вакцинаның бірінші, екінші компонентін алғаннан кейін кісілер сақтанып жүргені дұрыс.Бірақ екі компанентін алып кісілер жаппай ауырды деген мәлімет әзірге жоқ.


Соңғы мәлімет бойынша, елімізде вакцинаның бірінші компонентін алғандар 3 жарым миллионға жақындады, ал екі миллионнан астам адам иммундауды толық аяқтаған.    
 
Б. Сатуов