Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Шымкентте туғанына 10-ақ күн болған нәрестеден жаңа штамм анықталды

AstanaTV
01.07.2021ж. 20:00
2200
Шымкентте туғанына 10-ақ күн болған нәрестеден жаңа штамм анықталды

Шымкентте  нәрестеден мутацияланған  жаңа штаммы анықталды. Санэпидемиологтар туғанына небәрі 10 күн болған шақалаққа вирус анасынан жұққан дейді. Белгісіз індеттің клиникалық белгілері «дельта» штаммына ұқсайтынын айтады.

Айгүл ТҰРЫМБЕТОВА, ШЫМКЕНТ қ. САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ол нәрестенің клиникалық көрсеткіштері дене қызуы көтерілген. Мазасызданған, іші өткен. Суықтаған сияқты болып басталып отыр. Бірақ коронавирустық инфекцияның ковид 19 вирусына тексерген кезде оң нәтиже беріліп отыр. Соның себебінен «дельта» течение деп айтып отырмыз.  

Мамандар биыл балалар арасында ауру жұқтыру көрсеткіші жоғары екенін айтып алаңдап отыр.  Соңғы екі аптада қалада 908 жағдай тіркелсе, соның 148-і 18 жасқа дейінгі балалардан анықталған.    Санэпидемиологтар ұлттық сараптама орталығына    жіберілген жиырма анализдің жетеуінде «дельта» штаммы анықталғанын жеткізді.

А. Төребекқызы