$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Nur Otan" мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады

AstanaTV
01.07.2021ж. 20:00
1240
"Nur Otan" мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады

«Нұр Отан» алаңында мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, отандық өнім үлесін арттыру жайы айтылды. Қаржы вице-министрі Дәурен Кенбейлдің сөзінше, мемлекеттік сатып алулар 100 пайыз электронды форматқа ауыстырылған. Әрі әлеуетті жеткізушілерге қаржылық тұрақтылық түріндегі   біліктілік талаптары артқан. Спикердің айтуынша,  жаңа ереже бұрын кірістерін жасырып келген жеткізушілердің көлеңкеден  шығуына түрткі болды дейді. Осылайша, 28 миллиард теңгеден астам салық төленген.

Даурен КЕНБЕИЛ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: АУДАРМА:

Бұдан өзге, баға критерийінің жеткізушінің таңдауына әсерін төмендету аясында сатып алу кезінде рұқсат етілмейтін шекті мәндер енгіздік. Мәселен, құрылыс-монтаждау жұмысына бөлінген сомадан 10 пайыз төмен болса, өтінімнің бағасы демпингтік болып табылады. Қазір біз осы шекті мәнді 5 пайызға түсіруді «Атамекен» ҰКП-мен талқылап жатырмыз.

Соңғы 5 жылда бір тұтынушы көзінен сатып алу үлесі шамамен 92-ден 49 пайызға, яғни 2 есеге азайған. Кеңес төрағасы Аманжан Жамаловтың айтуынша, мұны қанағаттанарлық деп айту қиын.

Аманжан ЖАМАЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қалай болғанда да, 51% қалады. Ақшада бұл цифрды тоғыз нөлмен, одан да көп және он нөлмен, он бір нөлмен санауға болады. Екіншіден, екі жарым жылда ішінде бақылау нәтижелері бойынша 78 мың сатып алу ережесін бұзушылықтары бар. Бұл 2,4 трлн теңге астрономиялық сомасын құрайды.

Л. Қуанышқызы