Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Әлемде короновирустан 4 миллионға жуық адам қайтыс болды

AstanaTV
02.07.2021ж. 20:00
2279
Әлемде короновирустан 4 миллионға жуық адам қайтыс болды

Әлемде COVID-19 жұқтырғандардың саны 182 миллионға жақындады. Бұл -Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі. Ал, індеттен қайтыс болғандардың саны 4 миллиоға жуықтаған. Еуропалық бюро директоры Ханс Клюгенің мәлімдеуінше, стадиондарда, сондай-ақ EURO-2020 ойындарын ұйымдастыратын қалалардағы пабтар мен барларда жиналған адамдар коронавирус жұқтырғандар санын көбейтеді. Сондай-ақ оның айтуынша, соңғы тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны ең көп тіркелген он елдің төртеуі Еуропа аймағында орналасқан.  Еуропадағы және өзге елдердегі эпидахуал қалай?  Халықаралық шолу.

Еуропада коронавирус жұқтырғандар саны тағы да артқан. Науқастардың саны шектеулердің жеңілдеуіне байланысты көбейген.  Бұл туралы ДДСҰ-ның Еуропалық бюро директоры Ханс Клюге мәлімдеді деп хабарлайды Reuters басылымы.  Ұйымның мәліметінше, халық аса мұқият болмаса жаңа толқын басталуы мүмкін.

Коронавирустың жаңа штаммы Балиді туриссіз қалдыруы мүмкін. Коронавирус инфекциясының жаңа "дельта" штамы Индонезияда тез тарап жатыр.   Өткен тәулікте вирус   25 мың 830 адамнан анықталды. Осы себепті, 3-шілдеден бастап Индонезияда пандемияға байланысты әлеуметтік шектеулер күшейеді.Ел президенті Джоко Видодо тамақтану орындардың жабылатынын,көптеген  кәсіпорындардың қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге, мектеп оқушыларын онлайн оқуға ауыстыратынын жариялады деп хабарлайды BBC агенттігі. Шектеулер елдің астанасы Джакарта мен Ява аралына, туристердің сүйікті мекені Балиге әсер ететіні анық.

Ал, Үндістанда коронавирустың құрбандарының саны 400 мыңнан асты. Елдің денсаулық сақтау министрлігі 850-ден астам адам індеттен көз жұмғанын мәлімдеді.  Үнді елі әлемде коронавирус жұқтыру  қарқыны бойынша 2-орында тұр. Өткен жылдың наурызынан бері 30 миллионнан астам адам вирус жұқтырып, оның 29 жарым миллионы жазылып шыққан. Қайтыс болғандар- 400 мыңнан асады.  Коронавирустың екінші толқыны биыл сәуір, мамыр айларына сәйкес келді. Осы уақытта күніне 300 мың адам инфекция жұқтырып, әлемдік антирекорд орнады. Қазір Үндістанда 340 миллион адам екпе алған. Бұл -халықтың 24 пайызы.

Ресейде тәулігіне 23 мың 218    вирус жұқтырудың жаңа жағдайы тіркелді. Ресейлік Роспотребнадзор басшысы Анна Попова әлемде тарап жатқан вирустың ең қауіпті штаммдарын атады. Оның сөзінше, Британдық, оңтүстік африкалық, бразилиялық және үнді штаммы азаматқа қатер тудырып отыр. Альфа-британдық, бета-оңтүстік африкалық, гамма-бразилиялық және дельта-үнділік штаммадары әлемге көзді ашып-жұмғанша тарап жатыр. Ең қарқындысы -үнді штаммы, қазір   әлемнің 64 елінде және Ресейде тез таралуда, дейді ол.

Л. Қуанышқызы