Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Індет еліміздегі әлеуметтік ахуалды біршама нашарлатты

AstanaTV
02.07.2021ж. 20:00
1454
Індет еліміздегі әлеуметтік ахуалды біршама нашарлатты

Елімізде табысы ең төменгі күнкөрістен де төмен азаматтар саны 20 пайызға өскен. Бұл-арнайы зерттеу агенттігінің мәліметі. Пандемия жағдайды тіпті ушықтырып жіберді дейді сала мамандары.  Індет кесі­рі­нен жұмыссыздар көбейіп, көп адам табыстан айрылған.   

Елорда тұрғыны Әсемнің 5 баласы бар. Жалғыз басты ана жұмысқа шығайын десе, балаларын қалдыратын жері жоқ. Кішкентайы небәрі-7айлық. Әсемнің айтуынша, үйелмелі сүйелмелі отбасы  мемлекеттік жәрдемақыға ғана күн көріп отыр.   

Әсем, ҚАЛА, ТҰРҒЫНЫ:

Пособие жетпейді, АСП-нің өзі жетпейді. Кішкене көтергенін қалар едім. Пәтер жалдап тұрамын, квартплата бар, сол жетпейді. Дәрінің өзі 19-20 мыңға кетеді.  Тем более қазір короновирус, бала часто температурить етеді.

Әлеуметтанушылардың да айтуынша, елімізде тұрмысы қиын отбасы көп. Сол себепті жалақының деңгейі қымбатшылыққа төтеп бере алатын дәрежеде болу керек дейді.
 
Рамазан САҒЫРЖАНОВ, ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ:

Кез-келген мемлекеттің, әсіресе Қазақстан үкіметінің алға қойған мақсаттарының бірі ол кедейшіліктің деңгейін төмендету. Неғұрлым көп халық жұмысқа орналасып, неғұрлым күнделікті тіршілігін, әл-ауқатын өз күш-қуатымен жеткізіп, бақытты өмір сүру керек.


Мемлекеттік органдағылар табыс табамын дегендерге, жұмыс істеймін дегендерге қазір мүмкіндіктің көп екенін айтады.  Халық соны тиімді пайдалану керек дейді.

Нұрсәуле ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ, ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК САЯСАТЫН ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Көбінесе еңбек нарығындағы тұрақты жұмыс орындары бар, оған қоса уақытша жұмыс орындары бар, бұл әлеуметтік жұмыс орындары, мына жастарға жастар практикасы дейміз, қоғамдық жұмыс орындары, немесе оқу курстары бар. Бұл біліктіліктерін арттыру немесе басқа мамандықты игеру деген сияқты барлық шаралар өткізіліп жатыр.

Мамандардың айтуынша абсолютті теңдік болу мүмкін емес. Дегенмен, мемлекет кедейшіліктің  деңгейін төмендету үшін барынша жұмыс істеп жатыр. Қазір көп елде жағдай қиын. Сондықтан індет аяқталмайынша бұл  тығырықтан шығу  мүмкін емес дейді.

А. Базарбай