$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Агрохолдингтердің нашар жұмысы саланың деңгейін көрсетеді...

AstanaTV
02.09.2017ж. 20:00
2266
Агрохолдингтердің нашар жұмысы саланың деңгейін көрсетеді...

 Астық жинау науқаны жүріп жатыр. Мың рет айтылса да, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша керемет бір жетістікке жеткен жоқпыз. Жылдың басында Президент агрохолдингтердің қаржылық ахуалының нашарлығына тоқталып, астықты үш облыста мәселені шешуді тапсырған... Ақпараттық-сараптамалық қызмет журналистері еліміздегі егіс алқаптарының 60 пайыздан астамына иелік ететін 4-5 агрохолдинг туралы аналитик Расул Рысмамбетовтен комментарий сұраған. «Ең» деген жерлерін қиып қойғам, тыңдайық: 

 Расул Рысмамбетов, сарапшы:

Бірнеше ондаған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден тұратын ірі холдингтер қарызға әбден батқан. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер банктерге, «ҚазАгроға» берешек. Кейбір қарыз гектарына 1000 доллар. Ал гектардан олар 100-120 доллар ғана ала алады. Проблема әбден шиеленіскен. Олар жылдар бойы мемлекеттен әр гектарға субсидиялар да алған. Банктерден қарыз да алған. Қазір гектарына субсидия алу деген жоқ. Жиналған өнімге, оның сапасына қарап беріледі. Сондықтан холдингтер әрекет етпесе, қайдам... Қазіргі сәтте агрохолдингтердің кейбір операциялары, яғни бидай экспорты толық мөлдір емес. Ең басты проблема – не Ауыл шаруашылығы министрлігі, не банктер, не Ішкі істер министрлігі, тіпті ҰҚК бұл холдингтерде неше компания барын білмейді.

Біздегі агрохолдингтердің өнімділігі мынадай: гектарына 10 центнер. Кейде 12. Алайда ылғалдылығы біздікіндей Канадада гектарына ... 30 центнерден жиналады.  Яғни ауыл шаруашылығы өнімдерімен –ақ мықты экономика құра аламыз деген сөз – өзімізді өзіміз алдау. Себебі 5 млн гектардан астам гектар жер тиімсіз, бірақ базалық компаниялардың басқаруында тұр.

Расул Рысмамбетов, сарапшы:

Холдингтердің басым көбі шантаж жасайды да жүреді -  бізде мыншама жер бар, егер банкротқа ұшырасақ, астық жиналмай қалады, сосын нансыз қаламыз, деп. Бұл баланың сөзі, тіпті жауапсыздық. Не істеу керектігін білмеймін, өздері шешсін. Олардың қаржылық жағынан тиімсіз екенін ғана шегелей аламын. Екіншіден, салық төлеу системасы холдингтер үшін жақсы, мемлекет үшін жаман. Негізі олар бейнелеп айтқанда, «тас жетімдер» емес, олардың салмақты бенефициарлары бар. Мүмкін бірнәрселерді өзгертіп бастаған шығар, бірақ өз басым ешнәрсе байқап тұрған жоқпын.

Аналитик секунд санайтын мазаламаса да, бір күні жарылуы мүмкін, солай болуы мүмкін екенін білетін, бірақ оған дейін сылап-сипап айтып, «сөйту керек» дейтін, алайда «сөйтілмейтін» қалыпты сипаттайды. Біздің еліміз жақын болашақта дамығандардың алғашқы ондығына, тіпті жиырмалыққа кірмейді. Ойын ережесі қайта қаралмаса, негізгі азық-түлік, әрі экспорт көздерінің бірі - егін алқаптары да болмай қалуы мүмкін... Айтпақшы, Бас прокуратура астықты үш облыс – Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы бидай қабылдайтын кәсіпорындарда 5,5 млн тонна астықтың жоқ болып шыққанын анықтаған. Ал ол астық банктерге кепілге қойылған. Мемлекеттік резерв болып та есептеледі...