Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Ресей Кенесары ханның сүйегін Қазақстанға қайтаруға уәде берді

AstanaTV
02.07.2021ж. 20:00
1905
Ресей Кенесары ханның сүйегін Қазақстанға қайтаруға уәде берді

Кенесары ханның сүйегі Қазақстанға қайтарылуы мүмкін. Ресей Президенті Елбасына осындай уәде берді. Келіссөздер кезінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ресей Президентінен осы іске көмектесуді сұрады. Ол қазақ халқы үшін соңғы ханның сүйегі туған жерінде жерленіп, жаны тыныштық тапқаны өте маңызды екенін баса айтты. Ал Владимир Путин Ресей тарапы жан-жақты көмек көрсетеді деді. Бұдан бөлек тараптар интеграциялық процестердің даму перспективасын талқылап, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелерге қатысты пікір алмасты.    

Ғ.Өтемісов