Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Мал бағасы әлі де қымбаттайды

AstanaTV
02.07.2021ж. 20:00
2892
Мал бағасы әлі де қымбаттайды

Атыраулық шаруаларды  қуаңшылық қыспаққа алды. Шабындық жер шаңды топыраққа айналып, төрт түлікке жайылым қалмаған. Мал шаруашылығымен айналысып отырғандар үшін бұл тіпті қиын боп тұр.  Арық-тұрық түлікті оңалту үшін еселеп қымбаттаған жем-шөпті сатып алуға мәжбүрміз,- дейді шаруалар.  Ал халық  мал шаруашылығымен айналысатын аймақта  ет неге  қымбат деп ашуланады.

Зейнеткер Людмила Хасанова айына 10 келіден артық ет алудан қалдық,- дейді.  Күннен күнге қымбаттап жатқан  өнім қалтаға кәдімгідей салмақ салып тұр.

Людмила ХАСАНОВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

2600 дейтіндер масқара ғой. 2600. Қазылар үш мыңның үстіне шығып кетті. 2300ге беріп тұр мына бала түсіріп, ана жақта 2600 ала алмай келдім. Ет 10 келіден аспаймыз. Амал жоқ.

Ет тіске емес, түске кіретін жағдайға жеттік дейді тұрғындар.  Жоғары сұрыпты еттің келісі 2500 теңгеден кем емес. Ал сатушылар бізге өзі қымбат келеді дейді.

Назгүл ПОЛАТОВА, САТУШЫ:

Өзіміз қымбат аламыз. Тек көретініміз 50теңге, 100 теңге. Арзан алады деген сауда жоқ. Ең төменгі баға 1800ден келеді. Макалажкаларды мың теңгеден сатамыз. Мал жоқ болып қалса, тіпті қымбат.  Бізге 2 мың теңгеден келеді мал жоқ болып қалса.

Еттің қымбаттығын мамандар түлік құнының артуымен байланыстырады. Мал базарында марқаға 40 мың теңге сұрайды. Дөнен қойдың бағасы 100 мың теңгеге жетіп жығылады. Түлік негізінен көрші Батыс Қазақстан облысынан әкелінеді. Бірен-сараны ғана жергілікті. Шаруалар соңғы жылдары мал сатпақ түгілі, көктемге әрең жеткен төрт түлікті көтере алмай жатырмыз,- дейді.  Оған себеп көп.

Азамат ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Көктемде жаңбыр болған жоқ. жазда қапырық ыстық. Көріп тұрсыздар. 4-5 сағат қорада тұрады. Жерде ештеңе жоқ.  10-15 шақырымға дейін мал жайылып келеді. Базардағы бағаны одан да көтеруге болады едп ойлаймын. Расход одан да көп малға.

Әсемғали ҚУАНЫШЕВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Баяғыда 8 мыңға, 7 мыңға қымбаттағанда 10 мыңға дейін алатын едік қой.  Қазір 15 мың шөптің бағасы. Жем бұрын 40 мың теңге болды тоннасы. Қазір 80 мың теңге тоннасы. Доставкасы бар, суды тасып береміз. Бәрі қиын қазір. Екі –үш жыл болды қой ұстап отырғаныма. Бір де бір қой сатқан жоқпын. Қалай сатасың? кімді алдайсың?

Шаруа биыл  жоңышқа еккен. Бірақ ол аздық етеді дейді. Оның айтуынша, шығыны шаш етектен мал шаруашылығы бойынша субсидия алу  қиын.  Сондықтан шамасына қарай ғана әрекет етеді. Ал ауыл шаруашылығының тәжірибелі маманы қуаңшылық жағдайында өнімді арттырудың бір жолы – екпе шөп өсіру,- дейді.
 
Серік СӘРСЕКЕНОВ, АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ МАМАНЫ:

Бұл екпе шөп өсіруге қазіргі жағдайда тиімді тәсілдер көп. Суды үнемдеу және сол пайдаланылған суға беріліп жатқан субсидия, екпе шөпке сатып алатын тұқымның құнын субсидиялау ережелері бар. Екпе шөп өсірмей, біздің өңірде, жер асты суын пайдаланбай ешқашан мынадай қуаңшылық жағдайда малдың ет өнімі арзан болады деп айтуға болмайды.

Атырау мал өнімі бойынша импортқа тәуелді. Жылқы, сиыр еттері   өңірге Армения, Белорусия, Ресейден тасымалданады. Бұл да бағаның жоғары болуы әсер ететін факторлардың бірі.   

Б. Надірқызы