Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Жастар-Отанға!» бағдарламасының жүзеге асуы ерекше бақылауда

AstanaTV
02.07.2021ж. 20:00
1488
«Жастар-Отанға!» бағдарламасының жүзеге асуы ерекше бақылауда

2025 жылға дейін Тобыл өңіріндегі студенттердің 20 пайызы жатақханамен қамтамасыз етіледі. Биыл Қостанайда 2 нысан қолданысқа берілген.  Онда жеті жүзден астам студентке орын бар. Жаңа ғимараттар «Жастар-Отанға» бағдарламасы аясында бой көтерген.  «Nur Otan» партиясы жанынан құрылған қоғамдық кеңес мүшелері  жатақханаға барып,  жаңа ғимараттағы мүмкіндіктермен танысты.  

Іргетасы 92 жыл бұрын қаланған Қостанай жоғары медициналық колледжіне биыл ғана жатақхана бұйырды. Жаңа нысанда  жастар үшін барлық жағдай қарастырылған. Осында тұруға 400-ге жуық студент өтініш білдірген.  Бірақ соның ішінен 250 жас түрлі категория бойынша іріктеліп алынады.

Әйгерім ОСПАНОВА, ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біріншіден әлі кәмелеттік жасқа толмаған балаларды.Екінші орында ата-аналары жоқ балаларды.Бірінші-екінші топтағы мүгедек балалар бар бізде. Жаңағы аз қамтылған. Көп балалы отбасының балалары. Солардың  құжаттарын бірінші қабылдайтын боламыз.

Жасыратыны жоқ өңірде жатақхана мәселесі өте күрделі.Билік партиясының «Жастар-Отанға» бағдарламасы түйінді түйткілді шешуге түрткі болды.

Абай ЖҮСІПОВ, «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
 
Наурыз-сәуір айларында облыс бойынша 22 облыстық деңгейде жатақхана тексерілген болатын. Яғни осы жатахқана ішінде санитарлық –эпидемиологиялық,одан кейінгі қазіргі тұрып жатқан жатақхананлардың студенттердің тұрмыс жағдайына байланысты, әлеуметтік тұрмыстық жағдайы .Соның барлығын тексерген болатынбыз. Мекеме басшыларына өзіміздің «ЖасОтан» жастар қанатының атынан  ескерту хат жібердік.

Қоғамдық кеңес өкілдері Қостанайдағы автокөлік колледжінің жаңадан салынған жатақханасында да болды. 500 орындық ғимаратта  жан-жақты  жағдай жасалған.  Мониторингтік топ мұнан кейін   Рудныйдағы әлеуметтік –гуманитарлық колледжі жатақханасының жөндеу жұмыстарымен танысты. Атқарылып жатқан шаруа партиялықтардың ерекше назарында болады.  

З. Санай