Бүгін елорда күнін тойлау ресми түрде басталды. Жылдағы дәстүр бойынша мемлекеттік ту көтерілді. Аз ғана уақыттың ішінде Бас қала дәулеті тасып, сәулеті асқан жер жаһандағы сұлу шаһарлардың біріне айналды. Елорда-тұрақтылық пен келісімнің ордасы, халықаралық келіссөздер орталығы. Қазір Қазақ елінің астанасын əлем таниды. Ал егемен елдің көк байрағы – мызғымас мемлекеттігіміздің белгісі, -деді Президент.
Қасым-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге – 30 жыл. Сондықтан бұл рәсімнің тарихи мән-маңызы айрықша. Көк туымыз – Тәуелсіз Қазақстанның ең басты рәмізі. Халқымыз үшін азаттықтан асыл, байрақтан биік құндылық жоқ. Қазақтың тарихы «Туың жығылмасын!» деген бір ауыз тілекке сыйып тұр. Бабаларымыз қашанда туын биік ұстаған.
Ғ.Өтемісов