Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қазақстан облыстарының жартысы "қызыл" аймаққа өтті

AstanaTV
03.07.2021ж. 20:00
1926
Қазақстан облыстарының жартысы "қызыл" аймаққа өтті

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың антирекордтық көрсеткіші тіркелді. 2800-ге жуық жағдайдың 797-сі елордада анықталған. Өңірлердің дені   "қызыл" аймаққа өтті.  Санитарлық- эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпаратына сәйкес, матрицаның "қауіпті" белдеуінде 3   мегаполиспен қатар Ақмола, Қарағанды, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары орналасқан. Қалған өңірлердің төртеуі "сары", бесеуі "жасыл" аймақта. Статистика бойынша, былтырғы наурыздан бері COVID-19-ды 431 мыңға жуық адам жұқтырып, 440-ден астам адам қауіпті індеттен  қайтыс болған. Ал, кесел белгілері бар пневмонияға 57 мыңнан астам науқас шалдыққан. Көз жұмғандар саны: 3 жарым мың.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:

Қазіргі таңда, ел бойынша 28 мыңнан астам адам коронавирус және өкпе қабынуынан емделіп жатыр. Ауруханада 8700-ге таяу науқас бар. Оның ішінде 541 адамның жағдайы ауыр. 117 пациенттің өмірі қыл үстінде. Өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылғандар - 72.


Індетке қарсы екпенің 1 кезеңін 3 миллион 600 мыңнан астам адам алды.  2 миллион 130 мың тұрғын иммундауды толық аяқтады. Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес вакциналау міндеттелген қызметкерлер 15 шілдеге дейін препаратты салдыруы керек. Немесе аптасына бір рет ПТР сынамасын тапсыру шарт. Егер қаулы орындалмаса, көрсетілген санат бойынша 5 және 500 айлық есептік көрсеткіш аралығында айыппұл төлейді.

А. Данияр