Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Талдықорғанда олимпиадалық үлгідегі бассейн ашылды

AstanaTV
07.07.2021ж. 20:00
3341
Талдықорғанда олимпиадалық үлгідегі бассейн ашылды

Талдықорғанда олимпиадалық үлгідегі бассейннің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде бой көтерді. Жаңа спорттық ғимарат барлық халықаралық стандарттарға сай салынған. Алдағы уақытта ел чемпионатынан бастап олимпиада ойындарына дейінгі жарыстар өткізу жоспарланып отыр.

Жетісу өлкесінде бой көтерген 50 метрлік олимпиадалық басссейн мемлекеттік – жекеменшік әріптестік шеңберінде салынып отыр. Нысанның сырты теңіз балығының түрін еске салса, ішінде үш бассейн орналасқан. Мұнда енді республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік бар. Ал спорт саңлақтарының өнерін бес жүзден астам жанкүйер тамашалай алады.

Нұрбақыт ТЕҢІЗБАЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Бұл деген біздің спортшылар үшін жалпы Талдықорған қаласының тұрғындры үшін үлкен қуанышты, жақсы жаңалық. Осы бассейнді салып беріп отырған, қолдау көрсетіп отырған облыс әкімі  Амандық Ғаббасұлына үлкен рахмет. Өйткені қаншама халық қуанып жатыр, балалар қуанып жатыр.

Жаңа нысанда кәсіби спортшылармен қатар, жас спортшыларда жаттыға алады. Бассейнде жүзу, аквааэробика, судағы поло сынды спорт түрлерімен айналысуға мол мүмкіндік туып отыр. Еліміздің бірнеше дүркін чемпионы Мария Федотова дайындықты бастап кеттті. Даңқты спортшы Азия чемпионатында көк туымызды желбіретуге барын салмақ.

Мария ФЕДОТОВА, ҚР БІРНЕШЕ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ:
 
Елі метрлік бассейндегі жаттығулардың арқасында  төзімділікті, күш пен жылдамдықты шыңдай түсуге болады. Мұнда жақсы жағдай жасалған. Мен мұндай керемет нысанды біздің облыста салғаны үшін өте қуаныштымын. Әкімге алғысымыз шексіз.

Жаңа бассейннің орталық Азияда теңдесі жоқ көрінеді. Он үш мың шаршы метрден асатын спорт ғимаратының  құны  он бір миллиард теңге. Бұл керемет нысанның қолданысқа берілуі бұқаралық спортты дамытуға, болашақ чемпиондарды дайындауға мүмкіндік береді дейді аймақ басшысы Амандық Баталов.

Амандық БАТАЛОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:


Мұндай әсемде де әдемі,зәулім спорттық нысанның бой көтеруі ел экономикасының  дамуының айқын көрінісі. Бүгінгі жүзу басссейні қаламыздың ажарын ашып, көрік беріп тұр. Ардақты ағайын  Алматы облысынан қаншама спорт тарландары шықты. Олар әлемдік ареналарада ел намысын қорғады.

Болашақта бұл нысанда триатлон,  каноэ сынды спорт түрлерінің бөлімшелері ашылмақ. Аймақ басшысы өз сөзінде  Талдықорған судағы спорт түрлерінің орталығына айналады деп атап өтті.

З. Санай