Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Коронавирустың шарықтау шегіне жететін уақыты белгілі болды

AstanaTV
08.07.2021ж. 20:00
5650
Коронавирустың шарықтау шегіне жететін уақыты белгілі болды

Коронавирус жұқтырғандар саны келесі айда екі есеге артуы мүмкін. Індеттің шарықтау шегі де осы уақытқа тұспа-тұс келуі ықтимал деген болжам да бар. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның дерегінше күніне 5-6 мың адам вирус жұқтырады. Статистикаға сүйенер болсақ, соңғы аптада сырқаттанушылық 2 есеге өскен. Қазір: күніне екі жарым мың мен үш мыңның арасында науқастар анықталып жатыр. Айта кетейін, елде эпид ахуал тұрақсыз. Республиканың 9 өңірі қауіпті "қызыл" аймақта орналасқан.

Марат ШОРАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы келесі айдың ішінде тағы науқастардың саны көбейеді деп есептеп отыр. Оның саны қазіргі жағдайдан пессимистік болжаммен кетсек, 2 есеге дейін көбеюі мүмкін.

COVID-19-ға қарсы вакциналаудың жайына келсек. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, 4 миллионнан астам тұрғын екпенің 1 компонентін салдырған. Ал, 2 миллион 200 мыңнан астам адам иммундауды аяқтады. Дегенмен, препаратты салдырғандардың арасында қайта кеселге шалдығып жатқандар жоқ емес. Айжан Есмағамбетованың айтуынша, олардың саны - 2212.

Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА, ҚР ДСМ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

1 компоненттен кейін 1308 жағдай, ал 2 компоненттен соң 904 адам коронавирус жұқтырған. Егер екпелердің нақты атауымен айтар болсақ, Sputnik V-ден 2024, QazVac-тан 40, HayatVax-тан 140, CoronaVac-тан 6 адам ауырып қалды.  

А. Данияр