Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Мәжілісмендер өңірлерді аралап жүр

AstanaTV
07.07.2021ж. 20:00
1855
Мәжілісмендер өңірлерді аралап жүр

Елде 92 мыңнан астам бала оңалту орталықтарына мұқтаж. Өкінішке орай олардың жартысынан астамының ғана емделуге мүмкіндігі бар. Оңалту орталықтарын арттырып, сапалы еммен қамтамасыз ету мәселесі «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген. Былтырдың өзінде 8 аймақта қамқорлық орталықтары ашылған. Мәжіліс депутаттары елордадағы оңалту орталығының жұмысымен танысты. Халық қалаулылары алдағы уақытта бұл бағытта жұмыстардың күшейетінін жеткізді.

Жәмила НҰРМАНБЕТОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл ауруханада емдеу тегін. Балалармен невропатологтар, дефектологтар және психологтар жұмыс істейді. Орталық мамандары әр баланың ауру ерекшеліктерін ескере отырып, қалпына келтіру емінің жеке бағдарламасын жасайды. Елдегі барлық мүмкіндігі шектеулі баланың осындай ем алуына толық мүмкіндік жасау қажет.


Мәжілісмендер 3 ауысымды білім мен мектеп тапшылығы мәселесін де назарда ұстап отыр. Елордада биыл 20 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды. 40 мың балаға орын тапшы. Білім мекемелерінің жетіспеушілігін шешу мақсатында шаһарда 15 жаңа ғимарат салынып жатыр. Ал, Екібастұзға арнайы ат басын бұрған мәжілісмендер, өндірісті өлкенің тыныс-тіршілігімен танысты. Жаңадан салынып жатқан жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысын, жолдардың сапасын бақылады. Депутаттар ат басын өндіріс ошақтарына да бұрды. Қаладағы теміржол дөңгелектерін шығаратын кәсіпорынды аралады. Зауыттың қуаттылығы жылына  20 мың жұп дөңгелек шығаруға қауқарлы. Өнім еуропалық стандарттарға ие.

Анатолий БОЙЧИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

4 жыл бұрын бұл кәсіпорын біраз дағдарысқа ұшыраған болатын. Қазір өздеріңіз көріп тұрғандай жұмыс қайта жанданған. Қоймалар дайын өнімге толы. Жөнелтілуге әзір тұр. Кәсіпорын толық қуаттылыққа көшкен.  Бұл әрине бізді қуантып отыр. Өйткені, жұмыс жанданса, жұмысшылардың жалақысы да өседі.


Ғ. Өтемісов