$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбе облысы "қызыл аймаққа" өтті

AstanaTV
09.07.2021ж. 20:00
1820
Ақтөбе облысы "қызыл аймаққа" өтті

Елдің үш өңірінде вакциналау паспортын сатқан дәрігерлер ұсталды. Олар құжаттарды заңсыз рәсімдеген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді. Агенттік басшысы Марат Ахметжановтың айтуынша, ұстау операциясы Нұр-Сұлтан, Ақмола және Алматы облыстарында жүргізілген. Қазір оларға қатысты қылмыстық іс қозғалыпты.

Данияр БЕГАЙДАРОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ АҒА ТЕРГУШІСІ:

Осы жалған вакцина паспортын алған адамдар қасымызда, ғимаратта, көлікте бізбен жүруі мүмкін. Бұл жерде жемқорлық қана емес, сонымен қатар халықтың қауіпсіздігіне қауіп төндіру де бар.

Елдегі эпидахуал күн сайын ушығып келеді. "Қызыл аймаққа" өткен өңірлер қатары Ақтөбе облысымен толықты. Ал, Нұр-Сұлтанда, тағы бір аурухана ковидтік стационарға айналды.

Ғ.Өтемісов