Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қуаңшылықтан 1,5 мыңнан астам ірі қара қырылып қалған

AstanaTV
09.07.2021ж. 20:00
1731
Қуаңшылықтан 1,5 мыңнан астам ірі қара қырылып қалған

Қуаңшылықтан төрт түлік, түрлі ауруларға ұшырап жатыр. Қызылорда да түйелердің тұяқтары шіріп, түсіп қалуы жиілеген. Ауыл шаруашылығы министрлігі, бұл дертті уақытында емдемесе, ол адамға да жұғу қаупі бар деді.  Жем-шөптің тапшылығы әсіресе, Маңғыстау мен Қызылорда облыстарын қыспаққа алған. Малшылар төтенше жағдай жариялауды талап етеді. Өйткені қазірдің өзінде жұттан 1,5 мыңнан астам мал қырылып қалған. Ал ауыл шаруашылығы министрлігі болса, мәселені жергілікті жерлерде шешуге болатынын жеткізді.

Марат ОРАЗАЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ АППАРАТ БАСШЫСЫ:

Белгілі бір өңірлерде ғана қалыптасып отыр. Оның өзінде тек бірнеше ауданда ғана қалыптасып отыр. Жергіліктік әкімдік белгілей алады. Басқа өңірлерде шығын болған мал жоқ. Сондықтан, мәселені қарау орынсыз.

Ғ.Өтемісов