$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қостанай облысында 25 жыл бойы ауылды басқарған азамат бар

AstanaTV
09.07.2021ж. 20:00
3881
Қостанай облысында 25 жыл бойы ауылды басқарған азамат бар

«Елі үшін еңбек еткен есіл ер». Тобыл өңірінің тұрғындары ширек ғасыр ауылдық окургті басқарған Валерий Сосенко жайлы осылай сыр шертеді. Туған жерге ту тіккен тұлғаның арман-мақсаты, атқарар жұмысы әлі көп. Меңдіқара ауданына қарасты Первомай ауылы екпінді дамып келе жатқан елді-мекеннің бірі. Құтты қоныста заманауи дәрігерлік амбулатория, психологиялық -педагогикалық бейімдеу орталығы, күрделі жөндеуден өткен білім ордасы бар. Ауыл жастары шоғырланатын саябақ та осында. Дәл осы саябақтың алғашқы нұсқасын ауыл әкімі Валерий Сосенконың өзі сызып дайындаған көрінеді. Араға он жыл салып оның идеясы жүзеге асты.

Валерий СОСЕНКО, ПЕРВОМАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Мен осында туып, осында өстім. Балаларым да осы ауылдың орта мектебінде оқыды. Қазір немерелерім осы алаңға келіп ойнайды. Туған ауылда тұрғандықтан өлкемнің өзекті мәселелерін түгел білем және сол түйткілдерді мүмкіндігім келгенше шешуге тырысам.

Округте екі мың бес жүзге жуық адам тұрады. Жұмыссыз жүргендер некен-саяқ. Тұрғындардың басым бөлігі аудан орталығында еңбек етеді. Шағын кәсібін ілгерлетіп жатқандар да бар. Ауылдың 13 адамы 27 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алған. Первомай ауылы «Ауыл-ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасының арқасында көш ілгері көркейіп келеді. Былтыр 6 көшеге асфальт төселген. Су құбырын да тарту жүріп жатыр.

Есенгелді НҰРАХМЕТОВ, ПЕРВОМАЙ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Біздің Валерий Михайлович осы жердің тұрғылықты азаматы ретінде қашанда өзінің жұмыс бабында елге жанашырлығын, осы көркейту мәселелеріне көп көңіл бөледі. Мысалы абаттандыру жұмыстарына келсек осы біз тұрған саябақ та өзінің идеясы, жүзеге асырды.

З. Санай