$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елорда перзентханаларында орын тапшылығын болдырмау қажет - Депутат

AstanaTV
12.07.2021ж. 20:00
1797
Елорда перзентханаларында орын тапшылығын болдырмау қажет - Депутат

Елде денсаулық көрсеткіштері күрт нашарлады. Ана өлімі үштен бірге, жүрек ауруынан болатын өлім-жітім 40% - ға өсті. Бұған жабдықтың, әсіресе реанимация және жедел жәрдем бөлімшелерінің төмен деңгейі ықпал етеді. Бүгін «Nur Otan» партиясы жанынан құрылған денсаулық сақтау жөніндегі қалалық кеңес мүшелері, саладағы түйіткілдерді талқылады. Басқосуда бас шаһардағы перзентханаларда болып жатқан орын тапшылығы да сөз болды. Тіпті, кейбір науқастар дәлізде отырып күтуге мәжбүр. Кеңес мүшелері, короновирусқа қарсы күреспен шектелмей басқа да өзекті проблемаларды шешудің тиімді алгоритімін әзірлеуді ұсынды.

Сақтаған СӘДУАҚАСОВ,  «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН қ. ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Денсаулық сақтау басқармасының нақты жүйеленген әдісі жоқ. Сіздер айтып жатқан ескертпелерді Жол картасынан алып тастай салу мүмкін емес. Бұл карта қаншама зерттеуден өтіп, қабылданған. Сондықтан, оны жүйелі орындау үшін мақсатты жоспарлар әзірлеу қажет.  

Ғ. Өтемісов