Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Атырау облысы тұрғындарын толғандырып жүрген мәселелерді мәжілісмендер тыңдады

AstanaTV
12.07.2021ж. 20:00
1991
Атырау облысы тұрғындарын толғандырып жүрген мәселелерді мәжілісмендер тыңдады

Атырау облысында су каналдары бірнеше жылдан бері жөндеу көрмеген. Өңірде тіршілік көзінің тапшылығы өзекті.
Каналдағы сулар жайылым түгілі,  мал суаруға да жетпей жатыр. Құдықтағы судың да деңгейі төмен түскен. Осының салдарынан ауыл шаруашылығын тұралауда. Исатай ауданы халқы, өңірге келген мәжіліс депуттарына осыны жеткізді. Сондай-ақ Каспий теңізі деңгейінің төмендеуінен туындаған экологияық қиындықтар төңірегінде де сөз қозғады. Ауылдықтар "Атырау-Астрахань" тас жолы құрылысын да бақылауға алуды сұрады. Айта кетейік, 2022 жылдың соңына дейін тапсырылуы тиіс күре жолдың, бүгінгі күні 50 пайызы ғана аяқталған.

Дүйсенбай ТҰРҒАНОВ,  ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
 
Су тапшылығына байланысты. Бұл тек қана Исатай ауданында ғана емес, мен  3-4 ауданды аралап шықтым. Ол жақта да қазіргі кезде осындай жағдай пайда болып жатыр. Осы жерде түбегейлі шешілмеген мәселесі қаржыландыру мәселелері.


Нұрлыбек ОЖАЕВ, ҚР ПАРАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 
Исатай ауданында қалыптасқан ауылшаруашылығы төңірегіндегі қазір кездесіп жатқан қиыншылықтар мен қолбайлау болып отырған кедергілер, экология саласы бойынша да осындай мәселелердің барын тұрғындар жеткізіп жатыр. +Бұл мәселені өзінің тиісті инстанциялары арқылы бақылауда ұстайтынымды білдіргім келеді.

Б. Нәдірқызы