Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қордай ауылдық округіндегі жолдардың 95 пайызы асфальтталған

AstanaTV
12.07.2021ж. 20:00
1661
Қордай ауылдық округіндегі жолдардың 95 пайызы асфальтталған

Жамбыл облысындағы Қордай ауылдық округіндегі жолдардың 95 пайызы асфальтталған. Елді-мекен толықтай көгілдір отынның шарапатын көріп отыр. Жиырмаға жуық аулаға балалар алаңқайы салынып, көшелері жарықтандырылыпты. Ауыл тұрғындар жергілікті атқамінерлердің атқарған жұмыстарына дән риза. Соңғы жылдары бұрын соңды болмаған ілкімді істер жасалды деп отыр.

БЛИЦ:


- Ауыл әкімі келгелі жақсы көшеміздің бәрі асфальтталды, көшеге жарықтандыру жүргізілді. Елдің бәрі риза, жас бала болашағы бар.

- Халықтың бәрі біледі. Осы жерді көркендірді, гүлдендірді. Халықтың бәрі біледі өзіміз силаймыз үлкен басымызбен. Өте жақсы деген баға берем мен Сахатовқа

- Мы знаем его с положительной стороны, потому что как ни обратишься, всегда делает все. Ходили вот по АСП, всегда решал вопрос.


Ауылда 35 мың халық тұрады. Олардың дені ауыл шаруашылығы мен сауда саттықты кәсіп еткен. Бүгінгі күні 855 адам баспана кезегіне тұрған. Тағы 7 жарым мың тұрғын жер алуға өтініш білдірген.

Бақыт САХАТОВ, ҚОРДАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:


Енді келешекте жаңа алқаптар «Батыс» деген «Тау самал» деген алқаптарына инфрақұрылым жүргізіп сол жерден жер тартсақ. Тағы айта кетсек, үй мәселесіде шешілмей жатыр көп нерсе алдағы төрт жылда 18 бес қабатты үй жоспарлап отырмыз салуға. Сол үйлер салынса ауыл тұрғындарына үйлер беріліп осы жағдай шешіледі ма деп ойлаймыз.

Б. Жұмабайұлы