Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Елордада аула командалары арасындағы футбол басталды

AstanaTV
12.07.2021ж. 20:00
1101
Елордада аула командалары арасындағы футбол басталды

Нұр-Сұлтанда 10 жастан 12 жасқа дейінгі балалар арасында, «AULA LIGASY» футбол жарысы басталды. Шараның басы-қасына жүрген жасотандықтар, мақсат - бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын, дене шынықтыру мен спортты насихаттау деді. Сонымен қатар жас футбол таланттарын анықтамақшы. Бұл турнир елорданың 40 ауласында өткізілмек. Жарыста анықталған жеңімпаздар облыстық финалға жолдама алады. Қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Ержігіт ӨСЕРБАЙ, НҰР-СҰЛТАН қ. СПОРТТЫҚ-БҰҚАРАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫ ӨТКІЗУ ДИРЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 
Аула лигасына қатысушы, ниет білдірушілер өте жоғары.  Балалардың жасы 10-12 жас. Яғни қазір балалардың демалыс уақытында болғандықтан,  уақыттарын тиімді пайдалану, бір-біріне достық қарым қатынас, ауладағы балалардың бір-бірімен танысып, араласып, білісіп, оның үстіне спортпен шұғылдануына пандемия уақытында үлкен септігін тигізеді деп ойлаймыз.


А.Базарбай