$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тығырыққа тірелген жас жігіт жүрегін саудаға шығарды

AstanaTV
13.07.2021ж. 20:00
3372
Тығырыққа тірелген жас жігіт жүрегін саудаға шығарды

Жүрек сатамын! Ғаламторда осындай жарнама бар.  Қарызынан құтылу үшін ең маңызды дене мүшесін саудаға шығарған азаматтың жасы небәрі 27-де. Елең етерлік жағдай. Жүрегін жарнамалайтындар өте сирек кездеседі.  Бірақ бүйрегін, басқа да ағзасын сатуға ниеттілер көп. Өйткені елімізде донор жетіспейді. Бір ғана Нұр-Сұлтан қаласындағы кардиохирургия орталығында 100-ден астам адам кезекте тұр.  

Жауқазынның өмірі 5 жылдан бері жасанды жүрекке тәуелді. Ол темір жүрегін иығындағы қара сөмкесіне салып 24 сағат бойы қызғыштай қорып жүреді. Өйткені қуаты бітсе, не су тисе, тіпті бір жері бүлініп қалса, аппарат қызметін кілт тоқтатуы мүмкін.

Жауқазын ЗЕЙНУЛЛАЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


5 жыл болды осы аппаратпен жүргеніме, аппараттың салмағы 3 кг. Круглосуточно менімен бірге, өйткені мына кабель арқылы жүрегімде орналасқан.

Жауқазын сияқты жүрегін алмастырғысы келетіндер, ел бойынша 3 мыңнан асады екен. Бірақ донар тапшы. Ғаламтордағы қара нарықта бүйрек сататындардан көз сүрінеді. Тіпті жүрегін саудаға қойған адамды да таптық. Айтуынша 3 жарым миллион теңге қарызын жабу үшін, осындай қадамға баруға мәжбүр болған. Бірақ бұл әрекетінен жақындары бейхабар екенін айтады.   
 
ДОНОР:

27 демін, әңгіме қателікте емес, просто менің зияным басқаларға тиіп жатыр да, менің әжеме, мамама, інім бар, қарындасым бар. Өтірік сөйлемей-ақ қояйын, қарызым болған соң істеп отырмын, нормально қарызым барда. Қара: мен егер оны төлемесем сотталуым мүмкін түсініп жатсың ба, лучше мен сотталғанннан гөрі сатқаным жақсы.  

Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының өкілдері  тірі адамнан жүрек алуға заң бойынша тиым салынғанын айтты. Тіпті мәйіттің өзінен алу үшін туыстарының рұқсаты маңызды деді. Дегенмен донор мәселесінің әлі күнге шешілмей келе жатқанына мамандар да алаңдаулы.

Гүлжан МЫРЗАХМЕТОВА, ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ КАРДИОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КАРДИОЛОГ МАМАНЫ:

Қазақстанда донорлықты көтеруіміз керек. Мұқтаж адамдарға көмек беруіміз керек. Қазір бізде медицина өте жақсы дамыған. Бізде барлық жағдай жасалған. Егер донор болса біз неше түрлі санаттағы күрделі оталарды жасауға дайынбыз.


Жалпы ел ішінде бүгінге дейін 81 мәйіттік донордың ағзасын салу отасы жасалған. Мұндай донорлыққа 2009 жылы заң жүзінде рұқсат етілді.