Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Аралда төтенше жағдай жарияланды

AstanaTV
14.07.2021ж. 20:00
2256
Аралда төтенше жағдай жарияланды

Қызылорда облысы Арал ауданында ел тарихында алғаш рет қуаңшылыққа байланысты   төтенше жағдай жарияланды. Биыл өңірде жауын жаумай, өзен-көлдерде су азайып, жайылымға шөп шықпай 600-ге жуық ірі қара арам өлген болатын.  Мамандардың есебі бойынша 205 мың тонна мал азығы керек. Ол жақын облыстардан және аудандардан жеткізіледі.  Жергілікті билік жанар-жағармай шығынын көтереді. Сонымен қатар, ұңғымалар қайта қалпына келтіріліп, су арналары тазартылады. Бұл мақсатқа мемлекеттен 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.

Серік СЕРМАҒАНБЕТОВ, АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Аудан бойынша қажетті шөптің көлемі 4 түлік басқа 84640 тоннасы қазір жеткізіліп, аудан өз мүмкіншіліктері қарастырылып, қазір 3645 тоннасын қамтамасыз етеміз деген жоспарымыз бар. Алдағы уақытта 146 мың тонна шөпті сырттан тасымалдау қажет. Қажетті қаржының барлығы 1 млрд 936 млн-ды құрап тұр.


М. Тоқтасынқызы