Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындарда жастарды жұмыспен қамту қарқыны күшейді. Бұл игі іске «Nur Оtan» партиясының аймақтық филиалы да үлес қосып отыр. Нұротандықтардың ат салысуымен жыл басынан бері сайлауалды бағдарламаның 59% орындалған. Мәселен, өңірдегі жиһаз шығаратын кәсіпорын мемлекеттің қолдауына ие болып, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша ірі екі жобаны жүзеге асырған. Отандық өндіріске миллиардтап қаржы құйған кәсіпорын қазір Қазақстан аумағымен шектелмей, алыс-жақын шетелдерге де өз өнімін өткізуде. Ресей, Қырғызстан мен Армениямен байланыс орнатқан. Өндіріс көлемінің жыл сайын 20% ұлғаюына байланысты кәсіпорын басшылығы тағы жүзге тарта адамды жұмысқа қабылдамақшы. Ал қазір мұнда 800-ден астам адам қызмет етеді.
Михаил ПШЕНИЧНЫЙ, КӘСІПОРЫН ДИРЕКТОРЫ:
«Nur Оtan» партиясының жол картасы бойынша ауқымды жұмыс істелді. Биыл колледж түлектерінің көбісі бізде практикадан өтті. Елгезектігімен, зейінділігімен танылған жас мамандарды осындағы өндірістік цехтардың бірінде қалдырамыз деген жоспарымыз бар. Осы маңдағы жаңадан салынған үйлердің тұрғындары да бізге жұмысқа орналасып жатыр. Негізі қызмет етемін деген адамға бізде жұмыс жетеді.
Е. Карин