Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Вакцина паспортын сатушыларға тосқауыл қойылар емес

AstanaTV
16.07.2021ж. 20:00
2586
Вакцина паспортын сатушыларға тосқауыл қойылар емес

Елімізде вакцинация паспортын қолдан жасаушылар әлі де айылын жияр емес. Осыған орай   Ішкі істер министрлігі арнайы бақылау топтарын құрды. Қазір әлеуметтік желіде, ғаламторда жалған құжат дайындау туралы жарнама жиі кездеседі. Шілде айы басталғалы осындай 44 жарнама анықталған. ПТР нәтижесін қолдан жасау дерегі бойынша- 31, вакцина паспортын сатуға қатысты -17 қылмыстық іс қозғалған.

Шұғыла ТҰРЛЫБЕК, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛІ:

Алматы қаласында 4 дерек, Шымкентте 3 дерек, Ақмола облысында 2 дерек, ал қалған облыстарда бір-бір деректен тіркелген. Осы іске қатысты анықталған 10 адамның 5-уі дәрігер, қалғаны- қатардағы қарапайым медициналық қызметкерлер болып табылады.

А. Базарбай