Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

А. Райымқұлова "Славян базары" байқауының жеңімпазын құттықтады

AstanaTV
19.07.2021ж. 20:00
2180
А.  Райымқұлова "Славян базары" байқауының жеңімпазын құттықтады

Мәдениет және спорт министрі жас әнші Рухия Байдүкенді жеңісімен құттықтады.

Отандасымыз халықаралық «Славян базары» байқауында бас жүлдені жеңіп алды.14 мемлекеттен келген қатысушылар арасында шашасына шаң жуытпаған өнерпазға «Алтын лира» мүсінімен бірге 20 мың АҚШ доллары табысталды. "Рухия сен жас болсаң да өте таланттысың. Сен Димаштың жеңісін қайталадың, оның саған тәлімгер болған еңбегі ақталды",-деді Ақтоты Райымқұлова. Министр жерлесіміздің ел үмітін ақтап, Қазақстанның атын әлемге тағы бір танымал еткенін атап өтті.

Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

Жеңіс құтты болсын! Рахмет саған. Әрине, бұл үлкен өнер мен кәсіби сахнаның бастауы ғана. Алдағы уақытта басқа да әлемдік сахналардың төрінен көреміз деп сенемін. Сен ел үмітін ақтадың.

Ғ.Өтемісов