Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Токио олимпиадасы тоқтатылуы мүмкін

AstanaTV
21.07.2021ж. 20:00
2078
Токио олимпиадасы тоқтатылуы мүмкін

Елімізде   эпид ахуал күрделі. Сары аймақта - Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары ғана қалды, ал өзге өңірлер -қызылда.  Әсіресе, Маңғыстау облысында жағдай қиындай түсті. Өңірде инфекциялық төсек орын жетпей жатыр. Ақтау қаласында  жан сақтау бөлімдері қазірдің өзінде  90 пайыз толық.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Маңғыстау өңіріндегі қазіргі ахуал дабыл қағатындай деңгейге жетті. Орындардың тез толып қалуынан төсек-орын қорының жетіспеушілігі байқалады. Тұрғындарға стационарлық көмектің қолжетімділігі төмендеп кетуі де ықтимал.

Токио олимпиадасы тоқтатылуы мүмкін. Бұл туралы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің бас директоры Тосиро Муто мәлімдеді. Оның айтуынша қазірдің өзінде спортшылар арасында коронавирус жұқтырған 10 адам анықталған. Жалпы инфекция жұқтырғандар саны 68-ге жеткен. Көрсеткіш нашарлай берсе, олимпиада ойындары тоқтатылуы   мүмкін. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус жаңа штамм пайда болуы мүмкін дейді. Оның пайымынша жаңа мутация Дельта-штамынан да қауіптірек.

Тедрос ГЕБРЕЙЕСУС, ДДҰ БАСШЫСЫ:

Вирустың таралуы неғұрлым кең болса, қазір көп зиянын тигізіп жатқан дельта нұсқасынан да қауіпті болу мүмкіндігі соғұрлым көп вирус шығуы мүмкін. Неғұрлым көп нұсқа болса, олардың біреуі вакциналарға қарсы тұра алатын жағдай болуы мүмкін және бәріміз басына ораламыз.


Б. Сатуов