Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / БҚО-да дауыл тұрып, бес ғимараттың шатырын жұлып әкетті

БҚО-да дауыл тұрып, бес ғимараттың шатырын жұлып әкетті

Батыс Қазақстан облысында қатты дауыл соғып, екі елді мекендегі бес ғимараттың шатырын жұлып әкетті. Бір сәтте төбесі қақыраған нысандардың ішінде ауылдық балабақша мен мәдениет үйі де бар.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, желдің жылдамдығы   секундына 26 метрге дейін жеткен. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ.  Он шақты жыл бұрын салынған ғимараттардың шатыры не себепті желге ұшқанын енді арнайы құрылған комиссия тексереді.

Бақытжан ИХСАНОВ, БҚО ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Қазіргі таңда оқиға орнында жергілікті атқарушы органдармен комиссия құрылды. Комиссияның құрамына біздің төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлері қатысады. Қаражат бөлу бойынша комиссияның отырысында шешілетін болады. Төлеуге жата ма, жатпай ма, сол уақытта шешіледі. Ол жергілікті комиссияның құрамымен шешіледі.


Е. Карин