Алматы қаласы мәслихатының депутаттары жергілікті кабельдік өнімдер шығаратын зауытқа барды. Кәсіпорын мегаполистің Алатау ауданындағы индустриалды аймақта орналасқан. Заманауи жабдықтардың көмегімен мұнда жылына жиырма бес мың тоннаға дейін кабель өндіріледі. Онымен қоса, өнім өндіру энергияны үнемдейтін және экологиялық таза жолмен іске асады. Кәсіпорынның іске қосылуы жұмыссыздықты азайтуға мүмкіндік берді. Зауытта қазір сексен адам жұмыс істейді. Олардың арасында Талант Юсупов те бар.
Талант ЮСУПОВ, ФАБРИКА ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Мыс пластикат қабылдаймыз. Соның бәрінің жұмыстарын распределять етіп, қайсы линия не істейтінін жазып берем. Сосын контроль, бақылау әрқайсы линияға.
Ұнайды. Ұнаған соң 4 жыл істеп жатырмын.
Депутаттардың айтуынша, отандық инновациялық кәсіпорындарға қолдау көрсету керек. Сондай-ақ олар «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша Жол картасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды бақылауда ұстайтындарын айтты.
Қайрат ҚҰДАЙБЕРГЕН, АЛМАТЫ қ. МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Бұл менің ойымша иновациялық- индустриалды зауыттардың бірі болып саналады. Себебі, бұл жердегі істеп жатқан кабель де, металургия да өте маңызды. Осындай компанияларды қолдау, осындай компанияларға жол ашу және оларды экспортқа шығару - бұл "Nur Otan" партиясының да, Алматы қаласы әкімшілігінің де ең басты мақсаты болып табылады.
А. Базарбай