Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қытай билігі ДДС ұйымының вирусты зерттеу жоспарын қабылдаудан бас тартты

AstanaTV
22.07.2021ж. 20:00
1648
Қытай билігі ДДС ұйымының вирусты зерттеу жоспарын қабылдаудан бас тартты

Грецияның бірнеше қаласында мыңдаған адам наразылық акциясына шықты. Олар медицина қызметкерлері мен қарттар үйінің қызметкерлерін міндетті түрде вакцинациялауға қарсы. Ел билігі екпе алмағандарды үйлеріне қайтарып жатыр. Ал Францияда ахуал мүлде нашар. Вакцина алмағандар жұмыстан шығарылады.  

Натали ЛАБЕДАД:

Олар бізді кез-келген жағдайда вакцинациялауға мәжбүр еткісі келеді. Жоқ, жоқ, жоқ. Мен жұмысымды жоғалттым, мен 48 жастамын.  Менде енді күш жоқ.

Марселлин АЛЬБИЗИ:

Олар мені жұмыстан шығаруы мүмкін, маған бәрібір.

Біреулер вакцина салмаймыз деп дабыл қақса, Перуліктер екпеге жете алмай қиналып отыр.  Билік ресейлік вакцинаның тағы 20 миллион дозасын сатып алды. Бірақ бұл бәріне жетпейді. Ауыр науқастар көп болғандықтан, ауруханаларда төсек-орын тапшы. Емханалардағы орындар заңсыз сатылымға да шығып кеткен көрінеді. Бір орын-20 мың доллар. Заң бұзғандарды тәртіп сақшылары жазалауға көшкен. Алайда, хаос басылар емес.
 
Оскар УГАРТЕ, ПЕРУ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Біреудің қарқынды терапия төсектері үшін келіссөздер жүргізуі өте қорқынышты. Бұл өрескел және мүлдем қолайсыз. Билік өкілдері ретінде кінәлілерді жазалау керек.  

Дүниежүзілік вакцинацияға қарамастан, COVID 19 ауыздықтау мүмкін болмай отыр. Тіпті, күн өткен сайын жаңа штамдар пайда болып, өрши түсуде. Мысалы, АҚШ-та барлық тіркелген жағдайлардың 80% - ы Дельта штаммы. Ал Қытай   ДДҰ ұсынған коронавирусты тергеу жоспарын қабылдамады. Сарапшылар вирустың алғашқы белгілері табылған зертханаларды тексеруге ниетті.

Цзэн ИСИНЬ, ҚХР ГИГИЕНА ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИТЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қытай билігі ғылымға негізделген зерттеу жүргізуді қолдайды. Тергеудің екінші кезеңін жүргізу туралы ұсынысқа келетін болсақ, онда ғылым мен ақыл-ойды құрметтемейтін тұжырымдар қолданылады. Біз бұл жоспарды орындамаймыз.


Ал сарапшылардың пікірінше, зерттеу вируспен қалай күресуге болатындығын түсінуге көмектеседі. Әзірге, тексерудің қалай жүзеге асырылатыны белгісіз.

Ғ.Өтемісов