Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Нұр-Сұлтан емханаларында жоспарлы емдеу уақытша тоқтатылды

AstanaTV
22.07.2021ж. 20:00
1895
Нұр-Сұлтан емханаларында жоспарлы емдеу уақытша тоқтатылды

Елімізде коронавирустан адам өлімі бойынша антирекорд жаңарды. Соңғы тәулікте қауіпті індеттің кесірінен 64 адам көз жұмды. Бұл пандемия басталғалы ең жоғарғы көрсеткіш. Сонымен қатар, пневмониядан 13 қазақстандық қайтыс болды. Эпидахуал әсіресе Нұр-Сұлтан қаласында күрделі. Елордадағы инфекциялық стационарлар 72 пайызға толған. Бұл туралы елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлімдеді. Оның айтуынша, жағдай өткен жылмен салыстырғанда қиын. Ауруханаларда төсек-орындар жетіспеушілігі туындауы мүмкін. Эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты қалалық ауруханалар инфекциялық режимге ауыстырылып жатыр.  

Тимур МҰРАТОВ, ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Эпидимеологиялық жағдай қорқынышты десек қателеспейміз. Өткен жылдың жазымен салысытырғанда күрделі. Қарапайым профилактикалық талаптарды сақтасақ, қоғамдық жерлерге көп барудан бас тартсақ, жағдай түзелер.


Жұқпалы аурулар ауруханаларына ауыр жағдайдағы науқастар жиі түсуде. Мүның себебін мамандар тұрғындардың өз бетімен емделуімен байланыстырады.   Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, медициналық көмекке уақытылы жүгінбеген науқастарды реанимацияға ауыстыруға тура келіп жатыр. Олардың ішінде вакцина алғандар жоқ. Сондықтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қауіпсіз өмір сүру үшін екпе алу маңызды дейді. Қала бойынша 320 мың адам вакцинаның бірінші компонентін алса, 200 мыңнан астам тұрғын толық иммундалған.  Ұжымдық иммунитет пайда болуы үшін    астана халқының 60 пайызы екпе алуы керек. Бұл-650 мың адам.

Б. Саутов