Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Әкім болуға үміткер Алматы облысының бірнеше ауылында медициналық бекеттер салуға ниетті

AstanaTV
22.07.2021ж. 20:00
2165
Әкім болуға үміткер Алматы облысының бірнеше ауылында медициналық бекеттер салуға ниетті

Ауылдық округ әкіміне үміткер Нұрқуат Кәкімбаев Алматы облысының бірнеше ауылында медициналық бекеттер салуға ниетті. “Nur Otan” партиясы атынан сайлауға түсіп жатқан  ол  Сағабүйен ауылының тұрғандарымен кездесуде  алдағы жоспарларымен бөлісті.  Партия өкілі елдімекенде аурухананың жоқтығы өзекті мәселе екенін атап өтті. Халыққа алғашқы медициналық көмек  көрсетуге де мүмкіндік жоқ. Сағабүйенде ғана емес, оның қасындағы өзге ауылдарда да осы проблема. Сондықтан үміткер сайлауалды бағдарламасына дәрігерлік амбулаториялар  құрылысын жүргізуді енгізген.  Сондай-ақ  ол балаларға арналған ойын алаңдарын  салуды көздеп отыр.

Нұрқуат КӘКІМБАЕВ, АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІНЕ ҮМІТКЕР:

Осы Қарашілік ауылдық округінде туып, өстім. Еңбек жолымды Сағабүйен ауылында агроном болып бастадым. Бүгінгі күні Ақса аудан көлемінде Ақсу су құбырын мекемесінің басшылығындамын. Менің бағдарламамда өзімнің оқыған Төлеген Тоқтаров атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуіне ықпал етсем деген ойдамын.


Л. Қуанышқызы