Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елордада 30 мың жаңа жұмыс орны ашылады

AstanaTV
22.07.2021ж. 20:00
1190
Елордада 30 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Елордада биыл мыңға жуық жас маман жұмысқа орналастырылады. Сондай-ақ «Еңбек» бағдарламасы бойынша 30 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.  Бұл туралы "Nur Otan" партиясы филиалы жанындағы жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі Қоғамдық кеңесте айтылды. Депутаттар жыл соңына дейін мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету, тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Мүгедектерді оңалтуға арналған спорт кешені пайдалануға беріледі. Кеңес мүшелері партияның сайлауалды бағдарламаларын жоспарлы түрде жүзеге асырамыз дейді.

Ерлан ДӘКЕНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жастарды жұмыспен қамту мәселесі, мүмкіндігі шектеулі жандардың қаладағы жүріп-тұру мәселесін көтереміз. Әсіресе, көп балала аналарды қолдау шараларын қолға аламыз.

Ғ.Өтемісов