$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Шымкентте жаяу жүргіншілерге арналған ерекше жолақтар пайда болды

AstanaTV
18.04.2016ж. 20:00
1631
Шымкентте жаяу жүргіншілерге арналған ерекше жолақтар пайда болды

Шымкентте жаяу жүргіншілерге арналған ерекше жолақтар пайда болды.  Қызыл және жасыл түсті болып жанып жатқан диодты шамдар жаяу жүргіншілер өтетін жолға төселген. Ол бағдаршамның түсіне сәйкес белгі беріп тұрады. Осы арқылы жаяу адам жолдан өтуге болатынын не  болмайтынын төмен қарап тұрып-ақ біле алады. Билік өкілдері мұның әсіресе басын телефоннан көтермейтін жүргіншілердің қауіпсіздігін сақтауда тиімді боларына сенімді.

Пилотты жоба ретінде қолға алынған заманауи қондырғы елімізде алғаш рет қолданысқа еніп отыр. Әзірше құрылғы Шымкенттегі қозғалысы көп бір ғана қиылысқа орнатылды. Диодты жарық шамға демеушілер екі миллион теңгеден астам қаржы жұмсаған.

Бауыржан Қалжанов, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі:

Біз ойлаймыз, осы құрылғылар «сигнал» болады деп. Келе жатып қарап келе жатқан кезде аяғының астынан көрсе, оны қосымша бір қауіпсіздік шарасы деп білеміз Пилотты жоба өзін өзі ақтап жатса, әрі қарай бюджеттің есебінен қаралуы мүмкін. Бірақ қазіргі таңда кәсіпкерлер өздері қойып жатыр. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ