Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жаңа оқу жылына дайындық басталды

AstanaTV
23.07.2021ж. 20:00
2733
Жаңа оқу жылына дайындық басталды

Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылына дайындықты бастады.  Оқушыларды дәстүрлі форматқа ауыстыру бойынша тиісті ұсыныстар әзірленіп, барлық өңірге таратылған. Оқу процесі барлық санитарлық талаптарды қатаң ескере отырып жүргізіледі. Білім беру ұйымдарында бұқаралық, мәдени және спорттық іс-шаралар шектеледі.   Мұғалімдер мен өзге қызметкерлер бетперде тағу режимін сақтайды, әрі екпе алуы тиіс.  Оқушылар мен қызметкерлердің дене температурасы міндетті түрде өлшенеді.  Сондай-ақ, кабинеттердің ауасы жиі тазартылып, залалсыздандырылып тұруы керек. Білім мекемелері барлық дезинфекция құралдарымен қамтамасыз етіледі. Көпшілік бір жерде жиналмауы үшін үзіліс әртүрлі уақытта болады. Ал, әлеуметтік қашықтықты сақтау әрдайым өзекті болып қалмақ.

Л. Қуанышқызы